Ашық жерде от жаққан төрт жүзден астам адамға айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында ашық алаңда от жаққан 400-ден астам адам айыппұл арқалайды.

Өңірдегі екпінді жел салдарынан өрт қаупі жоғарылады. Сол себепті төтенше жағдайлар қызметінің мамандары тұрғын үйлер мен саяжай маңын әуеден бақылауға көшті. Көктем басталғалы облыс аумағында 7 дала өрті тіркелді. Қазір 40-тан астам мобильді топ құрылды. Олар орман алқабын өрттен қорғау үшін жол жиектері мен тоғайларды қоршай жер жыртып, тұрғындар арасында ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Азамат Ахметжанов, Өскемен қалалық ТЖБ бас маманы:

- Профилактикалық жұмыстар барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздігін бұзған жағдайда сонымен қатар тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің 336 және 410-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.