Атырау облысының Жасқайрат ауылында сүт өңдеу цехы ашылады
Атырау облысының шаруалары мал өнімдерін өңдеуді қолға алды, деп хабарлайды 24KZ.
Биыл Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылында алғашқы сүт өңдеу цехы ашылады. Тәулігіне 1 тоннаға дейін сүт қабылдай алатын цехта қазір қондырғыларды монтаждау жүріп жатыр. Сондай-ақ ауданда мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Қазір 2 шаруашылық маусымына 100 басқа дейін малды бордақылайды. Биыл тағы бір кәсіпкер мал бордақылауға арналған кешеннің құрылысын қолға алмақ. Қызылқоға ауданында ет бағытындағы абердин-ангус және қазақы ақбас тұқымды 7000-ға жуық сиыр бар.
Мағжан Жексенов, Ойыл ауылдық округінің әкімі:
- Қазіргі таңда замана ағымына сәйкес мал бордақылау және сүт өңдеуді үйлестіру бағытында қызметін бастады. Технологиясы Түркиядан. Қазір алғашқы құрал-жабдықтарын әкелу басталды. Құрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылдың аяғына дейін толықтай аяқтап, әрі қарай осы шағын цехты ашып, оның жұмысын үйлестіреді.