Өскеменде сұр үйлерге сән беріледі
Өскеменде 70 жыл бұрын салынған көпқабатты мыңға жуық үйдің қасбеті жаңартылады, деп хабарлайды 24KZ.
Биыл жаз бойы 34 ескі үйдің сұрғылт тартқан келбеті әрленеді. Қаржыландыру қалалық бюджет есебінен жүргізіледі. Бір көпқабатты үйді бояуға шамамен 15 миллион теңге жұмсалады, – дейді мамандар. Мердігерлердің жұмысы жан-жақты бақыланады. Кемшіліктер жіберілсе, 3 жылдық кепілдік мерзім аясында сол ақауды қайта жөндейді.
Амантай Бақыт, қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы:
- Бірінші кезеңде 34 үй жөндеу жұмыстары жүргізіледі, одан кейін ары қарай қаражаттық барлығы жақсы болып жатса, бюджеттен қаржы бөлінсе, екінші кезең де қосымша басталатын болады, қазіргі таңда Өскемен қаласында 3 мердігер, атап айтсақ, Қазақстан көшесінде 16 үй, сонымен қоса Шәкәрім және Назарбаев даңғылында осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр.