Сырдария өзені қоқыстан тазартылды
Қызылордалықтар Сырдария өзенін қоқыстан тазартты.
Бұл шара «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлық» апталығы аясында өтті. Оған өңірдегі барлық мекеме ұжымдары мен тұрғындар атсалысты. Аймақта тазалық шарасы басталғалы 5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Қызылорда облысында жүйелі жалғасын тауып келеді. Қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған сенбіліктерге апта сайын мыңдаған адам қатысады. Мысалы, «Мөлдір бұлақ» апталығында өңірдегі су айдындары қоқыстан тазартылды. Сырдария өзені бойында өткен шараға 50-ге жуық адам қатысты. Олар 100 қаптай қоқыс жинады.
Жалғасбаев Жақсыбай, ихтиолог:
- Көп пластик құты бұл судың ішінде жатса да шірімиді. Соның ішінде тіршілік ететін балықтарға зиянын келтіреді. Сондықтан бұл акцияны әрқашан жыл сайын өткізіп тұрғанды мақұлдаймыз.
«Таза Қазақстан» акциясы басталғалы Сыр өңірінде бес мың тоннадан астам қоқыс қалдықтары шығарылды. Барлық аудандар мен елді мекендерде тазалық шаралары тиісті кестеге сай өткізілді. қоғамдық орындар, скверлар мен көшелер тазартылды. Сонымен қатар 128 мың дана ағаш егілді. Бұл аймақтың климоттық ерекшелігіне бейімделген сырталы, қарағаш, үйіңкі секілді көшеттер.
Мәріп Акбар, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:
- Апта сайын 19 мыңға жуық халық, 880 техника жұмылдырылуда. Басқарма тарапынан және басқармаға қарасты мекемелер, орман шаруашылығы мекемелер тарапынан қызметкерлер жұмылдырылып, осы айдындар тазалануда.
Мұнан бөлек өңірде «Таза су айдындары» акциясы басталды. Бұл шараға да 100-ден астам адам қатысып, 25 техника мен 14 моторлы қайық жұмылдырылды. Соның нәтижесінде 10 мыңнан астам қоқыс жиналып, арнайы полигондарға жеткізілген.
Нұрлан Жақыпбеков, Нұржан Мұзарапшин, Айтмұхамбет Байділдаев