12 мамыр – Аналар күні

Бүгін елімізде алғаш рет Аналар күні тойланып жатыр.

Бұл – анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке. Мереке әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Аналарды қорғау – мемлекет саясатының баым міндеттерінің бірі. Жас ұрпақты тәрбиелеп, ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында жер-жерде аналар кеңесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Республикалық аналар кеңесінде 1713 бөлімше бар, олардың құрамына 16 мыңнан астам ана кіреді.  Мереке қарсаңында барлық өңірде 600-ден астам түрлі іс-шара өтті.

Жалпы Аналар күнін мерекелеу ананың қоғамдағы рөлін арттыруға, отбасы институтын сақтауға және нығайтуға бағытталады.