275 адамның құқығы қорғалды

Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы арнайы қызметке мұқтаж адамдардың құқықтарына нұқсан келтіру фактісін анықтады.

Оның ішінде, 185 мүмкіндігі шектеулі және 90 егде жастағы азамат бар. Уәкілетті орган аталған тұлғаларды тасымалдаумен және күтумен айналысатын мердігерді анықтауға байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімін негізсіз созып, бұзған. Салдарынан қаңтар-наурыз айларында мемлекет белгілеген көмек көрсетілмей қалған.