СҚО-да 200 үйдің құрылысы басталды

Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 200 үйдің құрылысы басталды.

Бұл туралы өңір әкімі мәлімдеді. Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, суға кеткен 4 мыңға жуық үйдің 1300-і тексерілген. Жоба бойынша Петропавлда 500 тұрғын үй салынады. Сондай-ақ алғашқы 7 пәтер сатып алынды. Өңірде 26 үй мен 7 пәтерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ Ғауез Нұрмұхамбетов Үкімет Басшысы Олжас Бектеновке өңірдің егіс науқанына толық дайын екенін айтты. Биыл Солтүстік Қазақстан облысында 4,5 млн гектар алқапқа егін егу жоспарда бар.