Шетелден келетін турист саны екі есе артқан. LIVE
Былтыр Қазақстанға 9 млн 200 мың шетелдік турист келді, бұл 1 жыл бұрынғы көрсеткіштен 2 есе көп.
Туризм саласынан бюджетке 450 млрд теңге салық түскен. Биылдан бастап туристік аймақтардың тізімі ТОП-20-ға дейін кеңейтілді.
Бұл қандай аймақтар? Биыл шетелдіктер мен отандастарымыз демалысын қайда өткізе алады? Бұл жайында Үкімет отырысында айтылды.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев саланы дамыту жоспарын баяндады. Дәл қазір әріптесім Рухани Асқар Үкімет отырысынан тікелей эфирге қосылды. Саяхат саласына серпін берер, қандай жобалар айтылды?
Рухани Асқар, тілші