Он мемлекетте қазақ тілі оқытылады

Әлемде қазақ тілін үйренем деушілер көбейіп жатыр.

Осы себептіАбай институтының оқытушылары еуропа мемлекеттерінде тіл ұстарту курстарын ашпақ. Қазірдің өзінде 10 мемлекетте осындай орталықтар жұмыс істейді. Қазақ тілін сырттағы қандастармен қатар, өзгелер де үйреніп жүр. Осы уақытқа дейін мыңнан аса азамат мемлекеттік тілді меңгерген екен.

АҚШ-тың Калифорния штатында ана тілін үйреніп жатқан қазақ балалар. Атамекенннен алыстаса да, ұлттық тілін ұмытқысы жоқ. Оларға Абай институтының оқытушылары дәріс береді. Айтуларынша қазақ тіліне қандастарымызбен қатар, шетелдіктер де аса қызығушылықпен қарайды екен.

Мақпал Жұмабай, «Тіл қазына» республикалық ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры:

- Әрбір мемлекетті біздің бір, екі дәріскеріміз, мұғаліміз сабақ береді. Биыл Қазақстандағы тілге қатысты бірнеше институт Оксфорд университетімен келісімге отырдық. Енді алдағы уақытта Оксфорд ғалымдарымен бірге қазақ тілін оқыту, оқу құралдарын шығарғалы отырмыз. Бұл да біздің Қазақстан ғалымдары үшін, қазақ тілі үшін жаңа белес деп санаймыз.

Қазір Қазақстан ұстаздар 10 елде қазақ тілін үйретіп жатыр. Биылдың өзінде 6 мемлекетте 8 сынып ашылған. Онда балалармен қатар шетелдік ересек азаматтар да білім алады. Әсіресе Түркия, Франция, АҚШ, Австрия, Моңғолия мемлекеттерінде біздің тілді меңгеруге ниеттілер көп. Солардың бірі түркиялық Акиф Эртекин.

Акиф Эртекин, студент:

- Мен Акиф Эртекин. Мен университетте 3-курста оқимын. Түркология бөлімінде оқимын. Мен қазақ тілін өте жақсы көремін. Түркияда тұрамын. Ұлтым татар. Қазақ тілі татар тіліне өте жақын. «Тіл қазына» бізге қазақ тілін үйретіп жатыр. Сол үшін көп-көп рақмет! Бізге кітаптар берді.

Ана тілімізге қызығушылық танытқандарға арнап тіл танытқыш оқулықтар да басып шығарған. Қазір қолданыста жалпыға ортақ және түрік тіліндегі кітап бар. Алда өзге тілдерде тереңдетілген еңбектерді де көбейтуге ынталы.

Мақпал Жұмабай, «Тіл қазына» республикалық ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры:

- Қазіргі кезде шетелдіктерге арнап қазақ тілінің әмбебап оқулығы жасалды. Бұл бес деңгейлі оқулық. Бұл оқулықпен кез келген тілдің тұтынушысы өзінің ана тілі ағылшын тілі болатын болса, түрік, француз тілі болатын болса, осы кітап арқылы қазақ тілін үйрене алады. Биыл бізде екі үлкен жаңалығымыз бар, оның бірі – түрік тілді азаматтарға арнап қазақ тілі оқулығын бөлек шығара бастағанымыз.

Ұйым 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы аралықта мыңнан аса адамды ана тілімізге машықтандырды. Қазақша сөйлетіп қана қоймай, төл тарихымызды, мәдениетімізді ұғындырған.

Шернияз Жалғасбекұлы, Ерлан Наурызбаев, 24.KZ