Тасқыннан соң. Зардап шеккендерге өтемақы төленіп жатыр
Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен 20 600 отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды.
Төленген қаражаттың жалпы сомасы – 7,5 млрд теңге. Ал 680 отбасы келтірілген материалдық шығын үшін 362 млн теңге сомасында өтемақы алды.
Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Вице-премьердің дерегінше, 568 отбасы – тұрғын үйін жөндеп, қалпына келтіруге 710 млн теңге көлемінде өтемақы алып үлгерді. Өңірлердегі залалды бағалау, және оны өтеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай, тұрақты бақылауда.