Өртпен күрес. Тағы бір қызмет түрі құрылды
Елде ірі табиғи өрттерді сөндіруді үйлестіретін "Орман қорын күзету және қорғау қызметі" құрылды.
Ертең "Семей орманы" резерватында республикалық командалық-штабтық, оқу-жаттығулар өтеді. Жалпы ел бойынша өрт қаупі өршитін кезеңге дайындық қызу. Құзырлы министрліктің мәліметінше, өңірлерде төтенше жағдайдың алдын алуға 50 мың адам мен 10 мыңнан аса техника жасақталды.
"ҚазАвиаҚұтқару" авиациясының 19 борты да сақадай сай. Оның 9-ы су төгетін құрылғымен жабдықталған. 120 арнайы дронмен аэро-визуалды барлау жүргізіледі. Ал орманды алқаптарда механи-каландырылған күзет ұйымдастырылады. Елде жыл басынан бері 27 орман және 122 дала өрті тіркелді. Министр Шыңғыс Әріновтың айтуынша, жаз ыстық болады. Демек, өрт қаупі де жоғары.
Алайда, оны ерте анықтау жүйесімен орман алқабының 2 пайызы ғана қамтылған.