Түркістан облысында қоқыс тастағандар айыппұл төлейді
Түркістан облысында қоршаған ортаны ластағандар 37 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды.
Осы ретте арнайы мобильдік топ құрылып, тұрақты рейдтік шаралар ұйымдастырылады. Себебі бес аптаға созылған «Таза Қазақстан» акциясы аясында барлық аудан-қаланың аумағы абаттандырылып, күл-қоқыстан тазаланды. Акция басталғалы өңірде тазалық сақтамаған 10 мыңға жуық адамға қатысты хаттама толтырылып, ескерту жасалды.
Жанәділ Айтбеков, облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
- Бұл жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады. Қазіргі таңда біз елдімекендерде абаттандыру, көгалдандыру, тазалық жұмыстарын жүргізу бойынша жылдың аяғына дейінгі жоспар қалыптастырып жатырмыз. Біз міндетті түрде әр ауданның климаттық орналасуы, табиғи жағдайы ескерілетін болады. Сондықтан тазалық жұмыстары жыл аяғына дейін жалғасады.