Әскери мектеп қызметкерлері жауапқа тартылды
«Жас Ұлан» әскери мектебіндегі балаларды жүргізуші куәлігінің тиісті санаты жоқ адам тасымалдаған, деп хабарлайды 24KZ.
Сондай-ақ оқу орындарын жарақтандыру тиісті нормаларға сай келмейді. Мектептер күрделі жөндеуді қажет етеді. Қазір балалар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда оқып жатыр. Мұны Бас әскери прокуратура қызметкерлері Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларындағы осындай мектептерге тексеріс жүргізу барысында анықтаған. Қазір 14 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар Қорғаныс министрлігіне аталған заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді.