Алматыда заңсыз құрылыс нысаны сүріле бастады

Алматыда тау бөктеріндегі ірі құрылыс нысаны сүріліп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

Ғимаратты бұзу туралы шешімді Медеу аудандық соты шығарған. Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, ғимарат заңсыз салынған. Меншік иесінің қосалқы нысанды тұрғызуға рұқсат құжаты болмай шықты. Оған қоса құрылыс талаптарын ескермей, шаруашылық тәсілмен салғандығы анықталды. Мұның бәрі тексеріс барысында белгілі болды. 550 шаршы метрге жуық нысанды сүру жұмыстары бүгін сот орындаушыларының қатысуымен басталды. Ал меншік иесі талапты орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.