Жылойда жаңа үйлер салынады

Жылойлықтар үшін жағымды жаңалық.

Үйлері апатты деп танылған тұрғындарға арнап мемлекет есебінен жаңа үйлер салынады. Бүлінген мүлік үшін де өтемақы төленеді. Құлсарылықтардың облыс аумағындағы кез келген елді мекеннен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндіктері де бар. Бұл жөнінде Атырау облысының Төтенше жағдай жөніндегі жедел штабы хабарлады. Зардап шеккендерден күні бүгінге дейін 3000-ға жуық өтінім түскен. Мамандардың мәліметінше, Жылыой ауданында су басқан 2 920 үйдің көп бөлігі судан құрғатылды. Ал 2 667 тұрғын үй-жай техникалық тексеруден өткен. 2 600-ден астам баспанаға бағалау жұмыстары жүргізілді.