Су тасқыны. Құлсарыда әлі қарбалас

Төтенше жағдай қызметкерлері Құлсарыда су тасқынының салдарын жою жұмыстарын әлі жүргізіп жатыр.

Атырау және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары жұмылдырылған. Осы сәтке дейін 5,4 млн текше метр су сорылды. Сондай-ақ су сорылған үйлер мен қоғамдық аумақтарда дезинфекциялау жұмыстары жүріп жатыр.

Жанаргүл Құмарғалиева, Талдыкөл ауылының тұрғыны:

- Үйімізді жаңадан салып кіргенімізге биыл үшінші жыл. Шыны керек, абдырап қалдық. Қазір бала-шағамыз қалада. Өзім қала мен ауыл арасына қатынап жүрмін. Жолдасым ауылда кезекшілікте жүр. Қазіргі уақытта негізгі бөгеттен тыс орналасқан балабақшамен бірге екі үй бар. Сол тұрғын үйдің бірі – біздің баспанамыз. Сарбаздар да, ТЖД мамандары да күні-түні жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде қосымша құм төселіп, су бөгеу жұмыстары жалғасып жатыр. Ауылымыз судан аман шықса деп тілеп отырмыз.