Өртпен күрес. Ақтөбеде оқу-жаттығу өтіп жатыр
"Ақтөбе облысында жедел қызмет өкілдері дала өртін сөндіріп жатыр. Аптап ыстықтан қураған алқаптарды от шарпыған".
Бұл – «Дала Өрті-2024» оқу-жаттығуының сценарийі.
Өңірдегі төтенше жағдай сарбаздары арнайы кешенді тактикалық жиында бас қосты. Тілсіз жауға тез арада тойтарыс берудің әдіс-тәсілдерін пысықтап, жазғы науқан алдында жаттығу өткізді. Аймақтағы тілшіміз Мансұр Есқожин жаттығу алқабынан тікелей байланыста шықты.
Айналаны қою түтін басып, көзді аштырмайды. Оқу-жаттығу жиыны болғанымен алыстан көрген адам расында да даланы от шарпыған екен деп қалуы әбден мүмкін.
Мәртөк ауданының таңдалынуы да бекер емес. Қолдан қойылған жалын дер кезінде сөндірілмесе айналадағы орманға көшуі мүмкін. Сондықтан өрт сөндірушілердің шапшаң қимылдауы шарт.
Кешенді жиынға Ақтөбе қаласы мен аудандардағы төтенше жағдай бөлімшелерінің сарбаздары, орман шаруашылығы қызметкерлері, еріктілер мен медицина саласының мамандары қатысып жатыр. Сәйкесінше азаматтық қорғаныс қызметтерінің өзара байланысын нығайтып, төтенше жағдайда абдырап қалмай шұғыл әрі тиімді әрекет етуге жаттығады.
Оқу-жаттығудың өту барысын бақылап тұрған комиссия мүшелерінен сұхбат алып көрейік. Қайырлы күн, Айбат Сергейұлы. Бұған дейін де бірнеше оқу-жаттығуда болып жүрміз. Бірақ бұл жолы ауқымды сияқты. Қанша адам қатысып жатыр? Қандай тапсырма қойылды? Сценарий қандай? Жыл басынан бері облыста қанша өрт дерегі тіркелді?
Айбат Жаңабергенов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Сұхбатыңызға рахмет. Сәттілік тілейміз.
Бір айта кетерлігі, дала өртін тоқтату мен ғимаратты шарпыған тілсіз жауды сөндірудің әдіс-тәсілдерінде айырмашылық бар.
Аптапта қаңсып тұрған алқаптар отқа оранса, су шашып тоқтату мүмкін емес. Бірінші ауыр техника жалынның жолын кесіп, жер жыртып тастайды. Ұшқын тараған аумақ қоршалғаннан кейін ғана түрлі құрал-саймандармен қаруланған жаяу сарбаздар іске кіріседі.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандары әдетте дала өрті адамның қауіпсіздікке енжар қарауынан болады дейді. Немесе шөпке шыққан ауыл шаруашылығы техникасы ұшқынынан лап ете қалуы мүмкін. Сондықтан иен далаға шыққандардың жанында қарапайым өрт сөндіру құралы болғаны абзал. Өрт сөндірушілер жеткенше шапалақпен алауды тоқтатуға мүмкіндік болады.
Мансұр Есқожин, 24.KZ, Ақтөбе облысы