"Өрт-2024" оқу-жаттығуы басталды
Алматыда күн ысып, ауа температурасы 30 градустан жоғарылады.
Демек, өрт шығу қаупі артады. Сондықтан бүгін Бұтақты шатқалында республикалық оқу-жаттығу басталды. Мамандар таулы-орманды жерлерде өрт сөндіруге машықтанады. Қазір тілшіміз Алмас Садуақас тікелей эфирге қосылып, ақпарат айтуға әзір.
Таудағы ахуал қалай, орманды аймақта, өрттің алдын алу үшін, қандай амалдар жасалады?
Алмас Садуақас, тілші:
Оқу-жаттығудың мақсаты – мүдделі органдардың өзара іс-қимылын пысықтау, авиация мен басқа да техникалық құралдарды іске қосу. Дайындығын тексеру. Практикалық жаттығуға ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы, құтқарушылары, Іле-Алатау МҰТП және өзге де ұйымдар қатысып жатыр.