Ұлттық компания қызметкерлері сотталды

Ұлтық компанияның қос қызметкері пара алғаны үшін сотталды.

Енді олар мемлекетке 48 млн теңге қайтарып беруі тиіс.

Сотталушылар "Азық-түлік корпорациясында" қызмет еткен. Бірі – департамент директоры Жұмаділов, ал екіншісі – бас маман Әбенов. Олар тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған.

Әзірге қос шенеунік айыппұлмен құтылғанымен, үкімді орындамаса жаза бас бостандығынан айыру түріне өтуі мүмкін. Сонымен қатар, екеуі де өмір бойына мемлекеттік қызметтен аластатылады.