Құлсарыны судан тазарту жалғасып жатыр
Құлсары қаласын су мен қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.
Осы күнге дейін 2900-ден аса үйдің ауласы тазартылып, 5,5 миллион текше метр су сорылды. Тек Болашақ ықшам ауданындағы 14 үйдің ауласы құрғатылып жатыр. Одан қалды 6 мың тонна қоқыс қала сыртына шығарылды. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындар сәуір, мамыр және маусым айларындағы коммуналдық төлемнен босатылады.
Марат Мурзиев, облыс әкімінің орынбасары:
- Жылыой ауданында эпидемиологиялық ахуал тұрақты. 18 сәуірден бастап, 163 әр түрлі вирустарға қарсы сынама лабораториялық зерттеу жүргізу үшін алынған. Күні бүгін 148 сынамалардың қорытындылары шықты. Бәрі теріс. Қалған 25 сынама қазір жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы су тасқыны басталғаннан бері инфекциялық жұқпалы аурулар тіркелген жоқ.