Павлодар облысында «Бекет-2024» кешенді оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметшілері стратегиялық маңызы бар Павлодар мұнай өңдеу зауытын күзетіп, шабуылға тойтарыс беру ісін пысықтады.
Жиынға сала басшылары қатысып, күштік құрылым бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қарады. Өңір кәсіпорындары ұсынған техниканы жинау тәртібі, тұрғындарды далалық лагерге орналастыру мәселелері пысықталды.