Медициналық-техникалық база нығайтылады

Биыл Ақмола облысында 300-ге тарта заманауи медициналық құрал-жабдық сатып алынады.

Оған қазынадан 4,5 млрд теңге бөлініп отыр. «‎Жаңа қондырғылар өңірде ірі операциялар жасауға мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Жыл басынан бері денсаулық сақтау нысандарындағы медициналық-техникалық база жаңартылып жатыр. Қазір өңірдегі емдеу мекемелері 83 пайыз заманауи жаңа жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Нұрлан Жаров, Облыстық көпбейінді аурухана директоры:
- Ангиографиялық құрал-жабдық, ол жоғары технологиялық операцияларды жасауға мүмкіндік береді.  Нейрохирургия, кардиология, перифериялық артерилерді, эндовоскулярды, сондай оталар жасалды.