АӨК әлеуетін күшейту шаралары

Елде шетелдік өндірушілерді субсидиялау үлесі 6,5 пайызға төмендетіледі.

Ал отандық өндірушілердің үлесі шамамен 64 пайызға ұлғаяды. Үкімет қазақстандық кәсіпорындардың мүдделерін ескере отырып, оларды қолдау мәселесін қайта қарады. Бүгінде машина-трактор паркін жаңарту және жергілікті ауыл шаруашылығы көліктерін жасайтын кәсіпорындарды дамыту тетігі әзірленді. Қазір елде түрлі модификациядағы шаруа-көліктері, астық және жем-шөп жинау комбайндарының брендтерін шығаратын 8 зауыт жұмыс істейді. Олар былтыр 6,5 мыңға жуық трактор мен мыңнан астам комбайн шығарған. Мұндай кәсіпорындар нарықтың 90 пайызын қамтып отыр.