Елордада «Run For Autism» қайырымдылық марафоны өтті

Елордада аутизм мәселесіне қоғам назарын аудару мақсатында Run for Autism қайырымдылық марафоны өтті.

Жарысқа Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев та қатысып, ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту ісінде спорттың маңызы зор екенін атап өтті. «Палата спикері Мемлекет басшысы елімізде инклюзивті қоғам құруға қажетті жағдайды жасауға баса мән беріп жатқанын және осындай жарыс арқылы еліміздегі әр балаға ерекше қажеттілігіне қарамастан білім алып, дамуы үшін тең мүмкіндіктер беру жолында тағы бір маңызды қадам жасап отырмыз деді», - Мәулен Әшімбаев.