Риддердегі автобус паркі 25 қоғамдық көлікпен толықты
Риддер қаласының автобус паркі 25 қоғамдық көлікпен толықты.
Енді кеншілер шаһарының тұрғындары барыс-келіс жеңілдеп, қатынас реттеледі,-деп үміттеніп отыр. Әйтпесе мұндағы жұртты автобус тапшылығы әбден мезі еткен. Аялдамада сағаттап тұрған жолаушылар діттеген жеріне жете алмай, редакциямызға да талай рет шағымданды.
Риддердегі қай аялдаманы көрсең де кісіге лық толы. Автобус тосып отырған халық көп. Марина Якушева базарға жиі барады. Аптап ыстықта, қақаған аязда, жаңбырлы күндерде қоғамдық көлікті сағаттап күтуге мәжбүрміз боламыз,- дейді.
Марина Якушева, Риддер қаласының тұрғыны:
- Қоғамдық көлік қозғалысы қаладағы ең өзекті мәселе. Тіпті автобус болмайтын кездер көп. Арасында жаяу жүруге тура келеді. Әсіресе балаларға обал. Дегенмен жаңа автобустар келеді деп естідік. Соған қуанып жүрміз.
Зейнеткер айтқан көліктер көп күттірмеді. Риддерге Семей автозауытында құрастырылған 25 автобус жетті.
Евгений Скрипов, Риддер қалалық автобус паркі директорының орынбасары:
- Қазір жолға жеті автобус шықты. Ертең олардың саны еселене түседі. Әзірге жүргізушілер тапшы. Сондықтан жұмыс істеймін дегендерді автопаркке қабылдап жатырмыз.
Жаңа автобустарды бұрынғымен салыстыруға келмейді. Тозығы жеткен қоғамдық көліктен қажығандар бұны бірден байқаған. Іші кең, жүргізушіге, жолаушыға да ыңғайлы.
Илья Золин, автобус жүргізуші:
- Автобус айдап жүргеніме 23 жыл болды. Алғаш рет осындай барлық талапқа сай, зауытан жаңа шыққан көлікті жүргізгелі отырмын. Өте қуаныштымын.
Автобустар енді Риддер ішіндегі қатынас мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермек. Автопарк ұжымы қоғамдық көліктер барлық бағытты қамтуға жетеді деп отыр.
Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов