Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Исахов 8 жыл 5 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны аса ірі көлемде пара бермек болғаны үшін кінәлі деп таныды. Ол қызмет бабын пайдаланып, мемлекеттік конкурсқа қатысты қозғалған істі қысқартуға оқталған. Ол үшін Ұлттық қауіпсіздік департаментінің бірінші орынбасарына 200 мың АҚШ долларын ұсынғаны белгілі болды. Айыпталушының кінәсі сот сараптамасы және өзге де айғақтармен дәлелденді. Жаза тағайындау кезінде жасөспірім балаларының болуы ескеріліп, қамау мерзімі азайтылды.

Айта кетейік, ол былтыр шілдеде сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұсталған болатын.

Әбинұр Қарабаев, қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Пара берген бір-ақ адам. Ал пара беруге оқталған Исахов. Басқа қызметкердің қатысы бар ма, жоқ па – біздің істің ішінде жоқ ол. ҰҚК тергеліп жатыр. Енді сол бойынша шешім қабылдайды.