Су тасқыны: О. Бектенов қалпына келтіру жұмыстарын тездетуді тапсырды
Тасқын салдарынан баспанасыз қалған тұрғындар жаңа үйлерге қоныстанады, деп хабарлайды 24KZ.
Қазірдің өзінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтар үшін 794 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Жалпы зардап шеккен өңірлерде 11 мыңнан астам тұрғын үй зерттеліп, 8 мыңға таяу нысанға бағалау жұмысы жасалған. Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою шараларының қарқынын арттырып, бағалау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды.
Жалпы Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлерінде 60 мыңнан астам адам өз үйіне оралды. 26 мыңнан астам отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем алды.