Құлсарыдағы үйлерді бағалау осы аптада аяқталады

Құлсарыда тасқыннан залал келген үйлерді бағалау жұмыстары осы аптада аяқталады.

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қаладағы шығынды өтеу жұмыстары туралы айтты. Оның сөзінше, жылжымайтын мүлікті бағалау комиссиясына 3 мыңға жуық өтініш түсіп, шамамен мың үй апатты деп танылған. Ал төрт түлік шығынын төлеу 21 мамырда басталады. 150 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі мүліктік залалды өтеуге 2 мың 700-ден астам өтініш түскен.

Серік Шәпкенов, Атырау облысының әкімі:

- Техникалық байқауды және бағалаудың заттарын бәрін аралап шықтық. Қазіргі таңда нәтижесін шығарып жатыр. 500-ден астам тұрғынға бағалау қорытындысы туралы ақпарат берілді. 105 тұрғын өтемақы сомасына келісіп, келісімшартқа отырды.