Тоқ бағасы арзандады
Қарағанды облысындағы қалалар мен аудандарда бизнес үшін электр энергиясының тарифтері төмендетілді.
Атап айтқанда, Шахтинск қаласы, Абай мен Бұқар жырау аудандарында қызмет көрсететін серіктестіктің тарифі 1 киловат сағатына 41 теңге 26 тиынға азайды.
Ал Саран қаласындағы мекемеде электр энергияның бағасы 43 теңге 13 тиынға төмендедеді.
Айта кетейік, бұған дейін кәсіпорындар электр қуатын делдалдардан арзан бағаға алып отырған. Бұл реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысы қазір тоқтатылды. Салдарынан баға қымбаттаған еді.
Ал бизнес пен бірқатар бюджеттік ұйым, өңірлік электр желілері компанияларының қызметін пайдаланады. Аталған жұмыстар Мемлекет басшысының «өнімсіз делдалдарды жою» жөніндегі тапсырмасы аясында жүргізіліп отыр.