Дала өрті: 10 мыңнан астам техника дайын тұр
Былтыр 33 орман өрті тіркелді.
Дала өртіне кінәлі деп танылған 920 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Биыл мамандар алдын ала қам жасауға кірісті. Ел бойынша 50 мың адам мен 10 мыңнан астам техника дайын тұр. Аэровизуалды барлау үшін 120 дронмен қамтылған. Мұны төтеншеліктер бүгінгі өткен брифингте баян етті. Ел аумағында өртке қарсы құрылымдармен 241 ерікті жасақталып, 720 өрт сөндіру бекеті құрылған. Орман күзетінің 1 мың 300 қызметкері, білімін жетілдіріп, 175 өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өткізілген.
Марғұлан Аманбаев, ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
- Қазавиақұтқару авиациясының 19 борты тұрақты дайындық режимінде тұр, оның 9-ы су төгетін құрылғылармен жабдықталған. Өткен жылы су төгетін құрылғылары бар ТЖМ борты 14 табиғи өртті сөндіруге қатысты, жалпы массасы 5 700 тонна су болатын. 1 900-дан астам цикл орындалды.