Түркістанда тарихи және туристік орындар тазаланды
Түркістанда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде Қожа Ахмет Ясауи кенесі мен Күлтөбе қалашығы арасындағы ашық алаңқай тазартылды, деп хабарлайды 24KZ.
Зиярат жасаушылар мен туристер көп жүретін 50 мың шаршы метр аумақ ретке келтірілді. Сонымен қатар Қылует пен Шығыс моншасының аумағында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпы сенбілік аясында 10 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.
Ділназ Баситова, қала тұрғыны:
- Қаламызға көптеген жерлерден көруге туристер келеді. Сол үшін таза болып тұрғаны өзімізге жақсы. Сенбілікке қатысып, өз үлесімізді қосқанымыз үшін қатты қуаныштымын.
Асылзат Амангелді, мұғалім:
- Бүгінгі сенбілік жастарға, болашақ ұрпаққа, студенттерге өзіміздің өнегелік жағымызды көрсетіп жатқан жайымыз бар. Мектеп мұғалімдерінің бәрі тазалыққа үлестерін қосып жатыр.