Жауын-шашын соңы қарға ұласады

Құралайдың салқыны ұзап барады.

Бүгін елдің бірқатар аймағында найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қар жауады деген болжам бар.

Ертең, арғы күндері солтүстік, солтүстік-батыс және арқа өңірінде жаңбырдың арты қарға ұласады. Әсіресе Петропавл, Көкшетау, Астанада түн едәуір суытады. Бұл батыс өңірге де тән. Ал оңтүстік өңірлерде күн 20-30 градус шамасында жылы болмақ.