Құлсарылықтарға арналған үйлердің құрылысы күзде аяқталады
Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен тұрғындар үшін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады.
Қазіргі уақытта құрылыс компаниялары 80 жеке үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастады. Бұл жайында Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдері хабарлады. «Болашақ» шағынауданында бой көтеретін үйлер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады. Топырақты тегістеу жұмыстарына 3 мердігер компания кіріскен.
Нұрберген Құсайынов, облыстық құрылыс басқармасының басшысы:
- Қазіргі уақытта іргетас құрылысымен қатар жаңа шағынауданға жол инфрақұрылымын салу жұмыстары басталды.