Алматыда этномәдени бірлестік төрағалары бас қосты
Этносаралық келісімді нығайту Қазақстан Халқы Ассамблеясының басым бағыты болып қала береді.
Оған қоса ассамблея қоршаған ортаны қорғауға, мемлекеттік тілді дамытуға атсалысады. Қайырымдылық шараларынан да қалыс қалмайды. Жастарды отаншылдық рухқа тәрбиелейтін мәселелерге назар аударады. Бұл туралы Алматыда этномәдени бірлестік төрағаларының қатысуымен өткен жиында айтылды.
Еске сала кетейік, 25 сәуірде Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы өтті. Басқосуда қатысушылар Мемлекет басшысы айқындап берген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру тетіктерін бірге талқылады.
Марат Әзілханов, ҚХА төрағасының орынбасары:
- ҚХА алдында тұрған міндеттерді айқындап берді. Барлық жобаларымыз Ұлттық құрылтайдың 3 отырысындағы Президенттің айтқан ұлттық құндылықтар аясында және біздің өзіміздің жобаларымыздың аясында өткізілетін болады. Оның ішінде, әлбетте, бүгін талқыланған бір мәселе – «Таза Қазақстан», оны қалай ҚХА қолдап, әрмен қарай жүргізеді. Біздің «Жүректен жүрекке» деген акциямыз жалғасып жатыр. Ол – мынау зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету. 12 волонтеріміз қазір жұмыс істеп жатыр.