Тараздағы Жеңіс саябағында аққулар балапан басты

Тараздағы Жеңіс саябағында аққулар балапан басып шығарды, деп хабарлайды 24KZ.

Құстар 2 ай бұрын жұмыртқалаған. Алты балапан жарып шықты. Қазір олар көптің көзіне көріне бастады. Коммуналдық мекеме өкілдері «аққуалар айдынға 2019 жылы жіберілген», дейді. Содан бері мамандар оларға өзен ортасынан орын даярлап, арнайы қызметкер де қойған. Жағажайға жерсінген құстар биыл көбейіп отыр. Қазір шаһар ортасындағы Үшбұлақ өзенінде 6 ересек, 6 балапан аққу бар. Жауаптылар оларды арнайы күтімге алмақ. Сұлулық пен махаббаттың символына баланатын құсты көруге келетіндер көп.

Арайлым Арыстанова, қала тұрғыны:

- Ит-құс, мынау балықтардың түр-түрлері бар. Солар енді аман-есен үлкейіп, қаламыздың көркіне көрік беріп тұрса қандай жақсы болар еді?! Аққулардан басқа үйректер, қаздар болса тіпті тамаша болар еді.

Айдын Бейсеков, «Жасыл ел – Тараз» КММ директорының орынбасары:

- Қазіргі жағдайда бұны бөлек питомникке ұстасақ па деп отырмыз. Мамандарынан анықтап, бір амалын жасаймыз. Бұл жерде өзінің арнайы аралы бар. Сол жерде өзінің үйі бар. Бидаймен күтіп баптаймыз. Арнайы өзінің қарайтын жұмысшымыз бар осында.