Есірткінің заңсыз айналымы 10 есе өсті

Қазақстан, Орталық Азиядағы синтетикалық есірткі өндірісінің ошағына айналып отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, соңғы 4 жылда оның заңсыз айналымы 10 есе өсіп, 1,1 тоннаға жеткен. Ал жойылған есірткі зертханалары 27 есеге артты. Жаза барынша қатаң болғанына қарамастан, қазір еліміз Қырғызстан мен Өзбекстанның нарығын жаулап алды. Өткен жылы 3 трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған. Олардан 80 тонна прекурсор мен 1 мың зертханалық жабдық тәркіленген.

Графика

Синтетикалық есірткінің заңсыз айналымы 10 есе өсті:

2019 жылы – 80 кг;

2023 жылы – 1,1 т.

Жойылған есірткі зертханасы 27 есе артты:

2019 жылы – 3;

2023 жылы – 81.