Су тасқыны: Қанша отбасы баспаналы болды?
Су тасқынынан кейін 356 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, деп хабарлайды 24KZ.
Тағы 1400-ден астам үй салынып жатыр. Ал қираған үйлерді жөндеуге 5,2 млрд теңге бөлінді. Бүгінде 30 мыңға жуық отбасыға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем берілген. Оның жалпы сомасы 10 млрд теңгеден асады. Аталған жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Ал Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тасқыннан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр.
29 625 отбасы ₸10,7 млрд біржолғы көмек алды;
3 804 отбасы ₸657 млн өтемақы алды;
356 отбасы жаңа баспана алды;
1 472 үй салынып жатыр;
1 389 үйді жөндеуге ₸5,2 млрд бөлінді.