Атырау облысында 6376 оқушы емтиханнан босатылды
Атырау облысында тасқын аумақтарындағы оқушылар емтиханнан босатылды.
Оқу-ағарту министрлігінің шешімімен Махамбет ауданындағы барлық мектеп, Жылыой ауданындағы тасқыннан зардап шеккен №5, 8, 19, 6 мектептердің 5-11 сынып оқушылары аралық және қорытынды атестаттаудан босатылды. Бәрлығы 6376 оқушы осы емтихандарды тапсырмайды. Олардың қорытынды бағасы жылдық бағаларына қарап шығарылады. Алайда 11-сынып оқушылары ҰБТ тапсырады. Ал 9-сыныптан кейін колледждерге түсуге ниеттілер болса, шәкірттер колледждерде қабылдау емтихандарын тапсырады. Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасы хабарлады.