Академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті
94 жасқа қараған шағында Қазақ тағамтану академиясының президенті, әлемдік денсаулық сақтау саласының айтулы тұлғасы, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Ол 12 жыл бойы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігін басқарып, медициналық-санитариялық алғашқы көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды. 1974 жылдан бастап елдің жетекші ғылыми ұйымдарының бірі – Қазақ тағамтану академиясының басшысы болды. Төрегелді Шарманұлы – Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының ең жоғары дәрежелі белгісі – Леон Бернард сыйлығын алған әлемдегі санаулы адамның бірі. Бұл марапат оның халықаралық аренадағы айрықша еңбегін көрсетеді. Сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтауды дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі Еңбек ері атағын алған.