Талдыкөл тұрғындары Атырау қаласына барады

Талдыкөл ауылының тұрғындары толық эвакуацияланды, деп хабарлайды 24KZ.

Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Арман Әділғалиевтің айтуынша, 1200-дей халқы бар елді мекен жұрты Атырау қаласына барады. Олар Х. Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университет жатақханасына орналасады. Қазір су кірме жолды шайып кеткен.

Жалпы Махамбет ауданында 30 900 жан тұрады. 9 ауылдық округ, 21 елді мекен бар. Соның 17-сі Жайық жағасында орналасқан.

Уәлихан Жұмабеков, Маңғыстау облысы ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің аға инженері:

- Қазіргі таңда Атырау облысы Махамбет ауданы Талдыкөл ауылында эвакуациялау жұмыстарын атқарып жатырмыз. Бұл жерде 24 жеке құрам, 6 техника, 6 жүзу құралы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта 70 ауыл тұрғынын эвакуацияладық. Ауыл тұрғындары мектепке жиналып жатыр. Эвакуация жалғасып жатыр.