Қызылорда қаласында 60 отбасы баспаналы болды
Қызылордада 60 отбасы баспаналы болды.
Жаңа пәтерлер кілті оқу-ағарту, медицина, мәдениет, спорт және ақпарат саласында еңбек ететін жас мамандарға берілді. Қазір облыс бойынша 67 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Олар жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Осылайша мың жарымдай адам жаңа үйге қоныстанады деп жоспарланған.
Қозы-Көрпеш Жасаралұлы, жас маман:
- Бүгін аймақ жастары үшін айтулы күн деп есептеймін. Бұған дейін талай санаттардан сызылып келген журналистер қауымы алғаш рет баспана кілтін қолына алуға мүмкіндік туып отыр. Жалпы жастардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар легі одан әрі жалғаса береді деп сенемін.