Құлсарыға су жеткізілмеді

Магистральдағы судың лайлануына байланысты Құлсарыға тіршілік нәрі жеткізілмей қалған.

Бұл туралы облыс әкімінің ауыз сумен қамту мәселесіне арналған шұғыл жиынында белгілі болды. Нақтырақ айтқанда, «Астрахань-Маңғышлақ» магистральды құбырының жаңа лупингін пайдалануға берген кезде су қайтты ластанған. Лайдың көптігінен су құрамы толық тазармай, қалаға қажетті су көлемі берілмеді. Облыс әкімі мәселені тез арада реттеуді тапсырды. Лай суды жинақтаушы резервуарлардан ағызу қажетігін атап өтті. Құбырлар толық тазарғанша суды магистральдік желіден жіберуді тапсырды.