Маңғыстау облысында мерзімді қызмет сарбаздары білім грантын иеленді
Маңғыстау облысында мерзімді әскери қызмет атқарған 8 сарбаз білім грантын иеленді, деп хабарлайды 24KZ.
Отан алдындағы борышын Каспийдің жағасында өтеген жастар әр өңірдің тумасы. Арасында жергілікті азамат та бар. Енді олар өзі таңдаған жоғары оқу орнына тегін түсе алады. Әскери бөлім басшылығы үміткерлерді іріктеу кезінде, сарбаздардың жауынгерлік даярлығы, тәртібі мен психологиялық жағдайын ескерген.
Айта кетсек, былтыр өңірде дәл осындай білім грантына, үш жауынгер лайық деп танылды.
Бағлан Амантаев, Мұнайлы ауданының тұрғыны:
- Мерзімді әскери қызметті өткеріп жүрген кезде осындай бағдарлама бар екенін бізге офицер мырзалар мен әскери қызметшілер айтқан болатын. Ол бізге одан сайын алға қарай ұмтылуға қадам болды. Сондықтан да біз әскери қызмет барысында өзімізді барынша жақсы түрде көрсетіп, осындай жеңілдікке ие болып отырмыз.