Мемлекеттен волонтерлік бастамаларға 70 млн теңге бөлінеді
Мемлекет волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға 70 миллион теңгеден астам қаражат бөлінеді.
Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Еліміздің барлық өңірінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік бастамаларды жүзеге асыратын шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр. Конкурсқа құжаттарды Birgemiz жобаларын жүзеге асыратын 8 үкіметтік емес ұйым қабылдауда. Мемлекеттік гранттарды отандық еріктілер, сондай-ақ бастамашыл топтар мен үкіметтік емес ұйымдар ала алады. Биылғы конкурста әрқайсысы 300 мың теңгені құрайтын 240 шағын грант беріледі. Өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін ұзартылды. Нәтижесі 18 маусым күні жарияланады.