Павлодарда 27 млн теңгені жымқырған есепшілер ұсталды
Павлодар облысында 27 миллион теңгені, заңсыз өз шоттарына аударып келген есепшілер сотталды.
Олар өздерімен қоймай, жұмыс істемейтін қызметкерлердің атына да 2 жылдан бері ақша аударып, кейін қолма-қол алып отырған. Тергеу барысында азаматшалар өз кәнісін мойындап, мемлекетке келтірген шығынды толық өтеді. Бірі 3 жыл 6 айға сотталса, екіншісі 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Қазір олар Шарбақты аудандық пробация қызметінің бақылауында.