Атырау облысында судан зардап шеккен өңірлердің балалары тегін демалады

Атырау облысында су тасқынынан зардап шеккен Құлсары қаласы, Қызылқоға және Махамбет ауданының оқушылары Түркістанда тегін демалады.

Бұл тізімде мектеп жасындағы 700 бала бар. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен ертең оқушылардың алғашқы легі лагерьге жол тартады. Жалпы облыс бойынша 122 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады. Қазір мектеп жанынан 146 лагерь құрылды.

Орынтай Биманова, білім басқармасы басшысының орынбасары:

- Мектеп жанында ұйымдастырылатын лагерьмен де балалар қамтылатын болады. Сонымен қатар «Туған еліме саяхат» жобасы бар. Ол жобаның аясында да балалар қатысатын болады. Х. Досмұхамедов университетінің ұйымдастырып отырған «Kids Unisersity» жобасы бар. Мұнда да балалар қатысады. Мұнда 120 бала қатысады деген ойымыз бар.