Петропавлда баспанасыз қалған 500-ге жуық адамның өтініші қаралды

Петропавлда су тасқыны салдарынан баспанасыз қалған 500-ге жуық тұрғынның өтініші қаралды, деп хабарлайды 24KZ.

300 адам қоғамдық комиссияға пәтер алуға ниетті екенін білдірді. Қалғаны жаңадан салынып жатқан жер үйді таңдады. Қазір қала шетінде зардап шеккендер үшін 520 үй салынып жатыр. Олар дайын күйде тапсырылады.

Еске сала кетсек, Петропавл бойынша 2 мыңнан аса үй су астында қалып, оның 650-і апатты жағдайда тұрғаны белгілі болды.

Арман Бердағұлов, қоғамдық комиссия мүшесі:

- Пәтер тапқасын пәтер сатушының құжаттарын бірге жинап, осында қалалық әкімдіктің 133 кабинетіне құжаттарды тапсырады да, бір күннің ішінде сол құжаттар «Қазақстан халқына» қорына түсіп, 2-3 күннің ішінде қор оны қарастырып, ақшасын төлейді.