Қазақстандық садақшы Түркияда әлем чемпионы атанды

Қазақтың садақшы қыз Түркиядағы турнирде әлем чемпионы атанды.

Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан халықаралық «Жеңіс» кубогының финалында, ол Түркияның ең үздік мергенімен сынға түсті. Есеп 5:4. 19 жастағы Айкөркем Батихан – астаналық спортшы. Оның дәстүрлі садақ атумен айналысып жүргеніне небәрі бір жарым жыл болған. Айкөркем бұл тарихи жеңіске 50 метр қашықтықта диаметрі 50 сантиметр болатын Пута нысанасы бойынша жарыста қол жеткізді. Айта кеткен жөн, 12-ші рет өтіп отырған халықаралық турнирге әлемнің 32 елінен 500-ге жуық спортшы қатысты. 

Айкөркем Батихан, спортшы:

- Фетих кубогына бірінші рет келіп тұрғандықтан жарыстың өтілу деңгейі өте жоғары. Өте сапалы. Масштабында өтіп жатыр барлығы. Мен күткеннен де өте жоғары болды. Өте қуаныштымын осылай өтіп жатқанына. Жеңіске жетемін деп ойладым. Бірақ іштей қорқыныш болды. Өте қатты қуаныштымын жеңіске жеткеніме. Ең үлкен жарысқа тұңғыш рет келгеннен кейін тұңғыш чемпион болған ерекше сезім. Өте қуаныштымын.