Соңғы он жылда балалар үйінің саны екі есеге азайды
Қазақстанда жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың 115 ұйымы жұмыс істеп тұр.
Кейінгі он жылда елдегі жетімхана саны екі есе кеміген. Қазір жетім қалған 21 387 бала бар. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша мұндай жеткіншектердің дені білім беру жүйесіне қарайтын 78 мекемеде орналасқан. Тағы бір бөлігі денсаулық сақтау саласының қарамағындағы 18 ұйымның және әлеуметтік қорғау жүйесіне қарасты 20 мекеменің қарауында тұр. Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған 21 мың 387 баланың 17 мың 660-ы қазір отбасыларда тәрбиеленіп жатыр. Жыл сайын мыңнан астам балақай, жанұяларға қабылданып жатады.