Семейде балалар күнін атап өтіп жатыр. LIVE
Маусымның 1-і Халықаралық балаларды қорғау күні Семейде өзіндік сән-салтанатымен аталып өтіп жатыр.
Түрлі мәдени- спорттық шаралар ұйымдастырылып бүлдіршіндердің назарына ұсынылды.
Рүстем Қайратұлы,тілші:
- Балалардың көңіл-күйі керемет. Дәл қазір біз Семейдегі «Бейбітшілік аралы» саябағындамыз. Мұнда балаларға арналған арнайы бағдарламалар жүргзіліп жатыр. Қазір “Семей ран кидс” атты жүгіруден жарыс өтеді. Спорттық байқау облысымызда жылда ұйымдастырылады. Жалпы алғанда, жарысқа жас аралығындағы 100-ден аса бала қатысып жатыр. Менің жанымда “Семей ран клаб” жүгіру клубының мүшесі Айдар Тұрынбеков тұр.
Айдар Тұрынбеков “Semey Run Club” мүшесі:
- Халықаралық Балаларды қорғау күнінде Семей қаласы бойынша бірнеше жерде мерекелік алаңдар жұмыс істеп тұр. Бұл күні балалар үйінің тәрбиенушілеріне және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін қайырымдылық шаралары өтеді деп жоспарланған.